Диспетчер: 2-12-21. Регистратура: 2-15-56. Режим работы: ежедневно 08:00–18:00. Адрес: Алматинская обл. Алакольский р-н. г. Ушарал, ул.Бөгенбай батыр 148.

Новости

— 01 июля 2017, суббота
12айлық көрсеткіштері
— 01 июля 2017, суббота
5 айлық көрсеткіштері
— 01 июля 2017, суббота
Акпарат

История поликлиники

Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласының даму тарихы

Ауданда революцияға дейін бір де бір емдеу – сауықтыру профилактикалық орындары болған жоқ.1916 жылы Степановка ауылына (Ушарал ауылы)бірінші орта буынды медициналық қызметкер,бірінші көмекті бай жанұяларға жекеменшік түрде көрсетті.Совет өкіметінің бірінші жылдарында біздің ауданға 2 фельдшер Кашлаков В.Г.м және Сендюков С. жіберілген.Осы кезден бастап бірінші аудандық денсаулық пункті байдың үйінде орналасқан.1930 жылы Үшарал ауылында тұрғын үйде бірінші 10 төсекті аурухана ашылып, бірінші жоғары білімі бар дәрігер Карпушенко В.И. жұмыс істеген.Бірінші дәріхананы да сол ұйымдастырды.

1933 жылы аурухананың төсек қоры 25 төсекке көбейді ,және пезентхана үйі ашылды.1936жылы Андреевка ауылында (Қабанбай) аудандық аурухана ашылды.Отан соғысынан кейін аурухананы басқарған дәрігерлер:Руденко А.Г. Манаков Г.И. Лапина В.П. Нестеренко Ю.И. Яшин  В.А. Дмитриев Г.А. Спирин Л.И. Кошкина Н.И. Исмагулов Айхан.

1937 жылы Көктұма,1938 жылы Қамысқала, 1940 жылы Обуховка,Еңбекші ауылдарында фельдшерлік пунктер ашылды.

1940 жылы 15 төсектік аурухана Көктұма ауылында салынды,оны 1943 жылда дәрігер Упир А.В. басқарды.

1948 жылы Қамысқала учаскелік аурухана ашылды.

1950 жылдан бастап ауданда 4 аурухана,4 фельдшерлік медициналық пункті,1 дәріхана  4 дәріханалық пункт,малярный станциясы жұмыс істеген.

1960 жылы Үшарал ауылында туберкулезге қарсы емдеу диспансеріашылды,бас дәрігерлері Шапошникова  Л.Ф Мұғынов С.М. 

А.А. Абрахмановтар болған Достық станциясында ауылдық аурухана ашылды,Андреевка ауруханасының бас дәрігері болып30 жыл Бигустинов Бигустинов К.Б. болды.1989 жылдан бастап бас дәрігер болып Құсайнов Қ.Қ жұмыс істеді.

1963 жылы Андреевка ауылында 100 төсекке арналған туберкудлезге қарсы емдеу диспансері ашылды.Бас дәрігері болғандар: СемченкоН.А. Альменов Ж.А. Темірханов А.Ж ал 1982 жылдан бастап Притула Ю.С.

Әртүрлі  жылдары  ауданда бас дәрігер болғандар :Тайшев Е.Т.Қонақбаев А.У. Нұргазинов У.Н . Омаров Н .Р. Тяков Ш.Т. Мекебеков.М.З. Нусипов А.Т. Құсайнов Қ.Қ. Көкенов Т.С.

1997 жылы  маусым айында Андреевка ауданы Алакөл ауданына қосылды бас дәрігер болып Құсайнов Қ.Қ тағайындалды.

2000 жылы қаңтар айында қайта ұйымдастыруға байлаенысты аурухана мемлекеттік денсаулық мекемесі Үшарал қаласының Ауруханасы және алғашқы медициналық санитарлық көмек орталығы болып құрылды -  бас дәрігерлер болғандар  - аурухана боыйнша Көкенов Т.С. және Сембекова А.Қ. Қабанбай өңірі бойынша  Притыкин В.И. және  Абдукалиев Б.Н. болды.

2005 23 мамырынан бастап мемлекеттік қазыналық орталық аудандық ауруханасы директоры болып Абдығалымов Марат Сабетайұлы жұмыс істеуде.Оның орынбасарлары болып Утепбергенова Л.С.Бижанова Б.А. жұмыс істеуде. 

1971 жылы 300 төсектік үлгі норма бойынша аурухана Үшаралдыа және 100 төсектік аурухана мен емхана Андреевка ауылында салынды.1982 жылы емхана 300 қатысуға Үшаралда салынды.Кәзіргі кезде ауданымызда 56 емдеу сауықтыру мекемелеріхалыққа медициналық қызмет көрсетеді: олар орталық аудандық аурухана 120 төсекке 1 аудандық аурухана Қабанбай 120 төсекке Достықта 50 төсек 10 дәрігерлік амбулатория 1 ауылдық аурухана 50 төсек 2 фельдшерлік - акушерлік пункт ,12 медициналық пункт бар.Үш жедел - жәрдем пункт бар.Үшаралда,Бұлақтыда,Достықта.Ауданымызда 78 дәрігер және 347 орта буын медицина қызметкеллері жұмыс істейді.