МӘМС бойынша медициналық қызметтер алу үшін сақтандырылған мәртебеңіз болуы керек. Өз бетінше төлеушілер оны жарна төлеу арқылы алады. Жарналарды өткен кезең үшін де, болашақ кезең үшін де төлеуге болады (каруселден қараңыз).
Кеңес: 2024 жылы жарна төлегенде сіз оны ағымдағы мөлшерлеме бойынша (айына 4 250 теңге) төлейсіз, тіпті 2025 жылы мөлшерлеме өссе де!
МӘМС мәртебеңізді мына жерлерде тексеруге болады:
* сайтта: msqory.kz;
* Qoldau 24/7 қосымшасында;
* Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы;
* Damumed мобильді қосымшасында;
* порталда: Еgov.kz;
* Halyk, Kaspi.kz, BCC.KZ мобильді қосымшаларында.
@msqory_kz