Жұмыс режимі: күн сайын 08:00–20:00 Call-орталық: +7 707 892-75-25 Диспетчер: 8 (72833) 2-12-21

МӘМС үшін кім және қанша төлейді?

03.12.2024

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшері өзгерді.

*Жұмыс беруші – қызметкер жалақысының 3%-ы, бірақ 25 500 теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс. МАҢЫЗДЫ: егер қызметкер 15 жеңілдікті санаттың біріне жатса, ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ.
*Қызметкерлер, оның ішінде АҚШ бойынша табыс алатындар – өз табысының 2%-ы, бірақ 17 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.
Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар және шаруа қожалықтарының иелері – 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы, 2024 жылы бұл сома 5950 теңге.
Өз бетінше төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, 2024 жылы ай сайын 4250 теңге.
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін төлейді – бұл 11 миллионнан астам адам.