Жұмыс режимі: күн сайын 08:00–20:00 Call-орталық: +7 707 892-75-25 Диспетчер: 8 (72833) 2-12-21

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дәріс

21.10.2024

Медициналық ұйым қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 14 қазанында ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК комплаенс-офицері А.С. Жубаева ұжымда «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дәріс өткізді.

Түсіндіру жұмысы барысында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары талқыланып, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартудың салдары түсіндірілді.