Жұмыс режимі: күн сайын 08:00–20:00 Call-орталық: +7 707 892-75-25 Диспетчер: 8 (72833) 2-12-21

Хаттама

24.04.2024

Хаттама

Аурухана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

Үшарал қ., 2024 жылғы 24 сәуір, сағат 15:00

«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Күн тәртібі: ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау.

Жұмыс тобы ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселесін талқылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында осы отырыста жүргізілген ішкі талдаудың бағыттары жарияланды, атап айтқанда:

  1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар заңды, тиімді, орындалатын және талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған болуы тиіс.
  2. Ұйым қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  3. Халыққа медициналық көмек көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  4. Мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  5. Қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Қорытынды: анықтамадағы ақпарат шүбә келтірмейді. Аурухана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Жұмыс тобы ішкі талдау нәтижелерін толық қолдады.

Қатысқандар:

Заңгер – Утепбергенова Айжан Жангелдиевна

Экономист – Кабдолава Камшат

Директордың сапа жөніндегі орынбасары – Мусаев Жумахан Мусилимович

Комплаенс-офицер – Жубаева Арайлым Сайлановна