Жұмыс режимі: күн сайын 08:00–20:00 Call-орталық: +7 707 892-75-25 Диспетчер: 8 (72833) 2-12-21

МӘМС жүйесіндегі жарналар мен аударымдар

01.07.2017

№

Әлеуметтік мәртебе

МӘМС жүйесіндегі жарналар мен аударымдар

МӘМС-тегі мәртебе

1.

Жұмыс істейтіндер

Сіз жалдамалы жұмыс істейтін адамсыз.

2017 жылғы 01.07-ден бастап сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы жарналар мен аударымдарды

жұмыс беруші төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

2.

Балалар

Сіз «18 жасқа дейінгі балалар» санатына жатасыз.

Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды

мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

3.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

4.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

5.

Мүгедектігі бар адамдар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

7.

Интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін адамдар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

8.

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар

Сіз «Студент», «тыңдаушылар» санатына жатасыз. Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

9.

Баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыстағы адамдар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

10.

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді

Сіз сақтандырылғансыз

11.

Зейнеткерлер

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

12.

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар

Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

13.

Уақытша ұстау изоляторларында және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар

Сіз әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар, оның ішінде әлеуметтік төлемдер алушылар санатына жатасыз, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды ай сайын мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

14.

Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (ЖК, ШҚ, жеке нотариустар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, жеке сот орындаушылары, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар)

Сіз салық органдарында тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамсыз.

2017 жылғы 01.07-ден бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды

өзіңіз төлейсіз!

Жарнаның ай сайынғы мөлшері – ең төмен жалақының (ЕТЖ) 2 еселенген мөлшерінің 5%-ы.

2017 жылы жарна мөлшері айына 2446 теңге, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 6 ай үшін – 14 676 теңге.

Сіз сақтандырылғансыз

15.

Өнімсіз жұмыспен қамтылғандар (белсенді емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар)

Сіз өнімсіз жұмыспен қамтылған адамсыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды 2018 жылдан бастап ең төмен жалақының (ЕТЖ) 5%-ы мөлшерінде ай сайын өзіңіз төлейсіз. 2018 жылы жарна мөлшері айына 1414 теңге, ал жылына 16 970 теңге болады.

Сіз сақтандырылғансыз

16.

Тіркелген жұмыссыз

Сіз тіркелген жұмыссызсыз. Сіз үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар мен аударымдарды

мемлекет төлейді!

Сіз сақтандырылғансыз

17.

Мәртебе анықталмаған

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған!

Мәртебеңізді анықтауды қолға алуыңыз қажет!

Егер сіз өзіңізді жұмыссыз деп санасаңыз және жұмыссыз ретінде есепке тұрғыңыз келсе, тұрғылықты жеріңіз бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ХҚКО-ға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінуіңізге болады.

Сіз сақтандырылмағансыз!

Мәртебеңізді анықтауыңыз қажет!

18

Мәртебе анықталмаған

Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз анықталмаған!

Егер сіз экономиканың бейресми секторында жұмыс істесеңіз (жеке жолаушы тасымалы, құрылыс бизнесі, қызметтер, сауда және т.б.), онда ЖК ретінде тіркелуіңіз қажет.

Бұл жағдайда сіз жарналарды ЖК ретінде төлейсіз. Егер жылдық табысыңыз 12 ЕТЖ-дан аз болса, жарнаны өнімсіз жұмыспен қамтылған адам ретінде төлейсіз.

Сіз сақтандырылмағансыз!

Мәртебеңізді анықтауыңыз қажет!

Болашақта МӘМС жүйесінде жарналар мен аударымдар төлеу және медициналық көмек алу үшін әлеуметтік мәртебеңіз анықталуы тиіс!