Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі стоматологиялық қызметтерді тегін алуды да көздейді.
МӘМС шеңберінде жоспарлы және шұғыл стоматологиялық көмекті жүкті әйелдер мен балалар ала алады;
тек шұғыл стоматологиялық көмекті:
жасы бойынша зейнеткерлер,
ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар;
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар; I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдар;
жұмыссыздар,
ерекше қажеттіліктері бар балаға немесе бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер.
Стоматологиялық көмек көрсетудің шұғыл жағдайлары: тіс жұлу.
Шұғыл көмек пациенттің өміріне қауіп төндіретін созылмалы және жедел жағдайларда көрсетіледі: пульпит; периодонтит;
жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің шығуы немесе сынуы); жақ-бет аймағының одонтогенді және одонтогенді емес қабыну ауруларының өршуі; стоматит; жедел ауру жағдайлары; хирургиялық араласуды талап ететін емдеу.
Стоматологиялық көмектің қандай түрлері тегін көрсетіледі
МӘМС шеңберінде стоматологиялық көмектің мына түрлері тегін көрсетіледі: анестезия, тіс жұлу, тісті өңдеу және пломба салу, периостотомия, пульпитті, периодонтитті, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу.
Жоспарлы немесе шұғыл стоматологиялық қызмет алу үшін қазақстандықтар тіркелген жері бойынша емханаға немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері болып табылатын жекеменшік не мемлекеттік стоматологиялық клиникалардың біріне жүгінуі қажет.
Стоматологиялық кабинеттердің жұмыс кестесі:
| Медициналық ұйымның атауы | Дәрігердің қабылдау уақыты | |
| 1 | Үшарал қ. АОА емханасы | Дүйсенбі–жұма 08:00-ден 17:30-ға дейін Кварц 12:00–12:15 Түскі үзіліс 12:30–14:00 Бейсенбі – әскери комиссариат, 16:00-ге дейін |
| 2 | Достық а. емханасы | Дүйсенбі–жұма 08:00-ден 17:30-ға дейін Кварц 12:00–12:15 Түскі үзіліс 12:30–14:00 |
| 3 | Қабанбай а. емханасы | Дүйсенбі–жұма 08:00-ден 17:30-ға дейін Кварц 12:00–12:15 Түскі үзіліс 12:30–14:00 |
ШЖҚ «Алакөл АОА» МКК компьютерлік томография қызметтерін көрсетеді.
Компьютерлік томография (КТ) – бас миының, кеуде қуысы ағзаларының, құрсақ қуысының, ішектің, кіші жамбастың және басқа да бірқатар ағзалардың көптеген ауруларын диагностикалаудың заманауи әрі жоғары дәлдіктегі әдісі; ол дәрігерлерге диагнозды уақтылы және дұрыс қойып, емдеу тактикасын анықтауға мүмкіндік береді.
КТ суреттерінде ағзалар мен сүйектердің анатомиялық құрылымын сұр шкала кестесімен салыстыра отырып өте анық тексеруге болады. Қазіргі КТ суреттері үш өлшемді.
Түсірілім тез жүреді: бүкіл денені тыныс ұстап тұрған кезде түсіруге болады. Әдетте бүкіл тексеру шамамен 15 минутқа созылады.
Үшарал қ. емханасындағы компьютерлік томографияның (КТ) жұмыс кестесі:
Дүйсенбі–жұма, 09:00-ден 16:30-ға дейін
(түскі үзіліс 12:30–14:00).