Жұмыс режимі: күн сайын 08:00–20:00 Call-орталық: +7 707 892-75-25 Диспетчер: 8 (72833) 2-12-21

ШЖҚ «Алакөл АОА» МКК

01.07.2017

Біздің медициналық ұйымда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ құрылды (ішкі бақылау қызметі).

Ішкі бақылау қызметінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.

Сондықтан, егер СІЗ:

  • медициналық көмек көрсету сапасына көңіліңіз толмаса;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша талап ету фактілеріне тап болсаңыз;
  • медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
  • сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқығыңыз бар.

Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде және сіздің қатысуыңызбен қаралады. Өзіңізге ыңғайлы болу үшін атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді екі ғимараттың 1-қабатында кіре берісте орналастырылған өтініштер жәшігіне салуға немесе аурухана сайтында қалдыруға болады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қарау нәтижелері туралы ақпарат береді. 2-32-73 телефоны бойынша немесе директордың сапаны бақылау жөніндегі орынбасарының №32 кабинетіне жүгінуге болады. Сондай-ақ тәулік бойы 2-12-21 сенім телефоны жұмыс істейді.