Диспетчер: 2-12-21. Регистратура: 2-15-56. Режим работы: ежедневно 08:00–20:00. Адрес: г. Ушарал, ул.Бөгенбай батыр 148. Экран дикторы

Новости

— 10 декабря 2024, вторник
Антикоррупционный комплаенс
— 21 ноября 2024, четверг
Протокол собрания
— 14 ноября 2024, четверг
Протокол мониторинга по государственным закупкам
— 21 октября 2024, понедельник
Лекция на тему «Сыбайлас жемкорлық қоғам дерті»
— 11 октября 2024, пятница
Протокол проведения разъяснительной работы
— 20 сентября 2024, пятница
Протокол проведения разъяснительной работы
— 16 сентября 2024, понедельник
Протокол собрания 11 сен 2024
— 15 августа 2024, четверг
Протокол собрания 12 авг 2024
— 10 июля 2024, среда
ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК ұжымының дәрігерлер арасында жиналыс өткізілді.
— 25 июня 2024, вторник
Служба поддержки пациентов
— 05 июня 2024, среда
Протокол семинара
— 02 мая 2024, четверг
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам

Страницы

ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК ұжымының дәрігерлер арасында жиналыс өткізілді.

ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК ұжымының дәрігерлер арасында жиналыс өткізілді.

Тақырыбы: Жемқорлықпен күрес және қақтығысуларды шешу жолдары, заңның үстемдігі.

Өткізілген күні: 25.06.2024ж

Қатысқаны: 26 адам

Жиналысты өткізген: директор Бутабаев Асхат Куанышбаевич.

Комплаенс-офицер Жубаева Арайлым Сайлановна

ШЖҚ «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры Бутабаев А.К өз сөзінде: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кезкелген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конститутциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайндалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп етек жайып, етіне сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індеттен баршамыз бір кісідей атсалысып күресуіміз қажет.

Комплаенс-офицер Жубаева А.С кезекті сөзінде қақтығысуларды шешу жолдарын айтып өтті:

Медициналы ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике, мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстар болуы мүмкін. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білім жағынан өздерінің жоғары болатындардың бір бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, өзінің жасынан үлкен немесе білімі жоңары болғанның сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін.

Жоғарыда айтып өткендей, медициналық ұжымда көптеген қақтығысулар кездесуі мүмкін. Бұл қақтығысулар өзінен өзі ең алдымен науқастарға кері әсер көрсетуі, оларға зиян келтіруі мүмкін, және де сонымен бірге олардың жұмыс орындарына зиян келтіруі мүмкін. Бұл ең алдымен адамгершіліктің болмағаны. Мейірбике де, дәрігер де өзінің дәрігерлік борышын орындауы керек. Егер олар арасында өзара қақтығыстар, келіспеушіліктер бар болса, оларға келген науқастар бұл жағдайдан қорқып кетуі, екінші рет бұл дәрігерге, тіпті бұл ауруханаға да келмеуі мүмкін. Сондықтан әр қашан мұндай жағдайларды алдын алу керек. Бұл ең алдымен медицина қызметкерлерінен адамгершілікті, ұқыпты, мәдениетті болуды, өзінен басқаларды да құрметтей білуді талап етеді. Менің ойымша, медицина орталықтарында медициналық ұжым арасында өзара кеңестер өткізіліп тұруы керек. Әр бір дәрігер өзінің қолында жұмыс істейтін мейірбикелерге өз сөзін өткізе білуі, өзін құрмет етуді талап ете білуі керек, әрине шекарадан аспаған түрде. Медицина қызметкерлерінің арасында келіп шығатын қақтығыстардың себебі олардың ой пікірлерінің бір жерден келіп шықпауы, үйлесімді болмағаны, одақтас болмағаны. Әрбір медицина қызметкері, медициналық ұжым мүшелері әр қашанда бір бірлерін құрмет етулері керек, өйткені дәрігерді тек қана дәрігер жақсы түсінеді. Олардың өзара одақтастығы, өзара ынтымақтастығы науқастың да тез жазылып кетуіне себеп болуы мүмкін.

Қорытынды және ұсыныстар:

Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген тұжырымға келді.

Басшыға және кадр жұмыстарына шағымдар түскен жоқ.

  1. Құқықтық білімді насихаттау бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізу;
  2. Қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.