Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Мәртебеңіз сақтандырылмаған. Ал сіз жоспарлы медициналық көмек алғыңыз келеді. Бұндай жағдайда не істеу керек?
Егер сіз өткен 12 айда шамамен бір-екі айға төлем жасамаған болсаңыз, дербес төлеуші ретінде әр айға 4250 теңгеден төлем жасап, мәртебеңізді қайтарып ала аласыз.
Ал осы күнге дейін бір де бір төлем жасалмаса, алдағы 12 айға төлем жасап, алдын ала 1 жылға сақтандырыла аласыз.
Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.