Диспетчер: 2-12-21. Регистратура: 2-15-56. Режим работы: ежедневно 08:00–20:00. Адрес: г. Ушарал, ул.Бөгенбай батыр 148. Экран дикторы

Новости

— 02 мая 2024, четверг
Аналитическая справка
— 24 апреля 2024, среда
Протокол
— 17 апреля 2024, среда
Анонс
— 20 марта 2024, среда
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру
— 13 марта 2024, среда
Хатама Сыбыйлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша семинар-кеңес
— 18 января 2024, четверг
ГУ «Управление здравоохранения области Жетісу » объявляет о проведении конкурса на занятие должности члена наблюдательного совета в государственных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения области.
— 01 июня 2023, четверг
Внимание!
— 02 апреля 2022, суббота
МЕДУСЛУГИ СТОМ И КТ МРТ
— 11 марта 2021, четверг
КОНКУРС НА ЗАНЯТИЕ ДОЛЖНОСТЕЙ ЧЛЕНОВ НАБЛЮДАТЕЛЬНЫХ СОВЕТОВ
— 01 июля 2017, суббота
12айлық көрсеткіштері
— 01 июля 2017, суббота
5 айлық көрсеткіштері
— 01 июля 2017, суббота
Акпарат

Страницы

Акпарат

Алакөл ауданының денсаулық сақтау саласында

 2017 жылдың 5 айында жасалған жұмыстар туралы ақпарат

Ауданда  109 дәрігер мен 567 орта буын медицина қызметкерлері 65864 тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.

2017 жылдың қаңтар айында білім саласынан денсаулық сақтау саласына 45 мектептің медициналық пункттері аударылды, сонымен 37 орта буын медицина қызметкерлері жұмысқа қабылданды. Алматы облысының  әкімдігінің 21.12.2016ж №617 қаулысы бойынша «Қабанбай ауылының туберкулез ауруханасы» мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан  бастап «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (КМҚК) бірігу жолымен қосылды. Сонымен аудан төсек қоры 255 болды, 10 мың тұрғынға қамтамасыз етілуі 38,8 құрайтын болды. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында аудандық орталық ауруханаға ақпан айында 2 ЭКГ аппарат алынды -2,183 млн теңгеге.  Облыстық денсаулық  сақтау басқармасына жетіспейтін медициналық құрал-жабдықтарға ұсыныс берілді (кардиостандарттарға, рентген-, флюороаппаратарға).  2017 жылдың 5 айында  7 дәрігер жұмысқа алынды- 1 офтальмолог, 2 хирург, 1 стоматолог, 1 статист, 1терапевт, 1 отоларинголог. Дәрігер жетіспеушілігі –21 (орталық аудандық ауруханада-8, Қабанбай аулының аудандық ауруханасында-13), оның ішінде 2 жалпы практика дәрігері, 4 педиатр, 1 акушер-гинеколог, 1 эндокринолог, 1 дерматолог, 1 отоларинголог, 2 офтальмолог, 2 рентгенолог, 2 анестезиолог,  2 невропатолог. 1 стоматолог, 1 лаборант-дәрігер, 1 дерматолог.

2016/2017 жылдардың 5 айдағы демографиялық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері:

Туу көрсеткіші 1000 тұрғынға  шаққанда 7,5-тен құрайды (туған нәрестелер-дің саны 2016ж -493, 2017ж -496).

Жалпы өлім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 3,5 құрайды  (2016ж  -233, 2017ж. -229 өлгендер саны).

Халықтың табиғи өсуі  2017 ж 5 айында 3,9-дан (260) 4,1-ге (268) дейін өсті.

Бір жасқа дейінгі балалар өлімі 1000  тірі туған нәрестеге   шаққанда 10,1-дан (5) 4,03-ге дейін (2) төмендеді 1 жағдай – Қайнар ауылынан, ауруханада өкпе, тыныс жолдары ауруынан шетінеді, 2 жағжай –Жайпақ ауылынан бұл жағдалар  пациентті қолдау қызметімен қаралды, қатысты мамандарға әкімшілік жаза қолданды.

Қан айналым ауруларынан өлім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстыр-ғанда 42,5-тен 41,0-ге дейін төмендеді (2016-28, 2017-27)

Қатер ісік ауруларынан өлім көрсеткіші  31,9-дан 34,9-ға дейін көбейді (2016-21, 2017-23)

Туберкулез ауруынан өлім көрсеткіші 2 жағдай – 3,0:  Екпінді а., Қабанбай ауылынан (мамыр айында),  былтыр 1 жағдай тіркелген -1,5;

Қатер ісік сырқаттанушылығы  51,6-дан 65,3-ке дейін өсті (2016-34, 2017-43), оның ішнде 1-2 сатыда анықталған қатерлі ісіктер үлес салмағы 55,9-дан 55,8-ге дейін төмендеді (2016-19, 2017-24).

Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланудан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда  33,4-тен  50,1-ге дейін өсті (2016-22, 2017ж -33 жағдай).

Туберкулезбен сырқаттанушылығы 25,8-ден 34,9-ға  дейін өсті (2016-17, 2017-23 жағдай). 2017 жылдың  мамыр айында 3 жағдай тіркелді: 1- Үшарал, 1- Достық, 1- Жағатал а/о, сонымен 5 айда 23 жағдай тіркеліп тұр, 1 жасөспірім, 2 бала, 20-ы үлкендер.  Округтар бойынша алсақ  - Үшарал округінан -9 (2016-4),  Бескөл округінан – 4 (2016-3), Жайпақ округінан -1 (2016-0), Жағатал округінан -2 (2016-1), Достық -2 (2016-2),  Қызылащы а/о-1 (2016-0), Ақжар округінан-1 (0), Жыланды а/о -1 (2016-0), Қабанбай а/о-1 (2016-1), Үшбұлақ а/о-1 (2016-0). Тіркелген 3 адам- 3-і де ересек: 2 ер адам (1 зейнеткер, 1 жұмыссыз), 1 әйел (1 топтағы мүгедек)

Сарып ауруымен сырқаттанушылығы   7,6-дан 21,3-ке дейін өсті (2016-5, 2017 ж-14).  Мамыр айында 2 жағдай тіркеліп тұр – Қабанбай а/о-1, Екпенді а/о -1. Округттар бойынша 5 айда 14 жағдай тіркеліп тұр: Екпінді, Қабанбай а/о- 3- 3- тен,  Теректі, Лепсі а/о 2-2-ден, Сапақ, Жыланды, Ақжар, Бескөл а/о 1-1 ден.

Флюорографиялық тексерістен 13261 адам өтті, (2016 -14890), Манту сынамасына 5126 бала тексерілді (2016-5593). Профилактикалық жолымен  туберкулез ауруы анықталғаны  - 7 (2016-8), бактериоскопиялық әдіспен анықталғаны -11 (2016-2), Манту сынамасы  арқылы- 0 (2016-3).

Аудандық емханада емдеу, сауықтыру, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Онда 17 мамандықтары бойынша қабылдау жасалады. Барлық диагностикалық кабинеттері рентген, флюорографиялық, физиотерапевтік, егу, клиникалық зертхана, телемедицина, УЗИ, маммография кабинеттері жұмыс атқаруда.

Емхана, амбулаториялар бойынша дәрігерлерге қаралған адам саны 168673-тен 160802-ге дейін азайды,  оның ішінде дәрігерлермен үйде қаралған адам саны 21759-дан 20733-ке дейін азайды. 

 Жедел - жәрдем  шақыртуы 10449-дан 12247-ге дейін көбейді.

Ауруханаларда 2017 жылдың 5 айында 3350 адам емделді, 2016-3505. Күндізгі ауруханаларда 2017 жылы - 1009, 2016 жылы 1203 адам емделді. Ауруханада өлім көрсеткіші  бір деңгейде 0,7 (2016-24, 2017- 23).  Аурудың орта есеппен жатқан күні 7,9-дан 7,8-ге  дейін азайды, төсек күнінің орындалғаны 77,5%-дан 84,6%-ға дейін төмендеді.

Хирургия бөлімдерінде емделді  943 адам (2016-1148). Ота жасалынды барлығы – 338 (2016 – 254),  оның ішінде жоспарлы түрде- 51-(2016- 87), шұғыл түрде –287-(2016-167). Травматология бөлімінде– 204 адам емделіп шықты, 59 ота жасалынды, оның ішінде жоспарлы түрде-12, шұғыл түрде –47.

Халықтың арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі, оқылған дәрістердің саны 890 (2016-727), газеттерге 15 мақала берілді (2016-7), 5 айлық, 4 онкүндік өткізілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде халық арасында кең ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізілуде -2017 жылдың 5 айында барлық ауылдық округтарда АТЖ жүргізілді, 141 кездесу болды, 42705 адам қамтылды, 9 семинар өткізілді - 280 адам қатысты, 2 дөңгелек үстел өткізілді – 40 адам қатысты, облыстық, аудандық газеттерде 28 мақала жарияланды. 29.03.2017ж  МӘМС штаб мүшелері Үшарал қаласының тұрғындарымен халық көп жиналатын жерлерде –базар, халыққа қызмет көрсету орталығының маңайында – кездесу өткізді. 21-22 сәуірінде Үшарал қаласында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің «Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының меңгерушісі Усебаева Н.Ж. семинар өткізді медициналық қызметкерлерге және жергілікті ауылдық әкімдерге. 52 медициналық қызметкерлерге сертификат берілді.  25-26 мамырда орта буын медициналық қызметкерлерге Талдықорған медицина колледжінің оқытушысы 2 күндік семинар өткізді, 273 адамға сертификат берілді, Қабанбай аудандық ауруханада 1-күндік семинар орта буын медицина қызметкерлеріне өткізілді, 88 адам қамтылды. 2016-2017 жж аудандық орталық аурухана бойынша 400 медициналық қызметкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде оқытылды, оның ішінде 66 дәрігер.  Қабанбай аудандық аурухана бойынша- 143 медициналық қызметкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөнінде оқытылды, оның ішінде 3 дәрігер (2016ж).  Халықпен кездесулер кезінде 35133 буклеттер таратылды. Аталған  жұмыстар жалғасуда.

 

Директор                                                   Бутабаев А.К.

 

Орындаған: Л.Утепбергенова

Тел:2-44-46